"Рамазанға қатысты 200 сұрақ" кітабы таратылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында бекіткен жоспарға сай "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында, Рамазанға қатысты 200 сұрақ кітабы таратылды. Жастар арасындағы "Менің алғашқы оразам" тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, оразаға қатысты сұрақ-жауап болып, дұрыс жауап бергендерге сыйылық берілді. Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлы барша ораза ұстаған жандарды құттықтады.










































