Ақтөбе: Құрбан айт мерекесіне орай зияткерлік сайыс ұйымдастырылды 1903

Ақтөбе: Құрбан айт мерекесіне орай зияткерлік сайыс ұйымдастырылды

10 шілде 2022 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешіті және «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен ұлық мереке қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Адамзаттың асыл тәжі» атты жамағат арасында зияткерлік сайысы өтті. 

Шараның мақсаты —ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибратты өміріндегі өнегелерді кеңінен насихаттау, жастарға тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Зияткерлік сайыс іріктеу және ақтық кезеңдерден тұрды. Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, жоғары ұпай иеленеген 10 қатысушы келесі ақтық кезеңге жолдама алды. Ал ақтық кезеңде қатысушылар билет бойынша сұрақтарға ауызша және әділқазылар алқасының қосымша сауалдарына жауап берді.

Сайыста облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов, «Ихсан» орталығының директоры Мейірбек Қалманов және Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали әділқазылар құрамында болып, жеңімпаздарды марапаттады.

Жарыстың қортындысы бойынша І орынды Берік Шаяхметов (200 000 теңге), ІІ орынды Ермек Симағамбетов (Электросамакат), ІІІ орынды Жаңабай Аманбай (Велосипед) иеленді.

Одан өзге екінше кезеңге өткен 7 қатысушыға ынталандыру сыйлығы ретінде әр азаматқа 10 мың теңгеден қаржылай сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі