Ерекше балалар орталығына «Рамазан қоржындары» таратылды 3338

Ерекше балалар орталығына «Рамазан қоржындары» таратылды

08 сәуір 2024 456 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешіті мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына «Рамазан қоржынын» таратты. «Ерекше балалар» Ақтөбе облыстық қоғамы қоғамдық бірлестігінің қарауында тәрбиеленіп жатқан балалардың отбасылардың әрқайсысына 25 кг азық-түлік табыс етіліп, 20 шаңыраққа қайырымдылық көрсетілді. Көмек алған отбасы мүшелері мен ұжым басшылығы аталған іске себепші болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлына алғыс білдіріп, рахметтерін айтты.

Игі шараға демеушілік көрсеткен жомарт азаматтардың кәсібіне береке, отбасыларына амандық тілейміз!