Наурыз мейрамында оқушыларды қуантты 3339

Наурыз мейрамында оқушыларды қуантты

25 наурыз 2024 7 Оқу 1 минут

Ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын, төл мерекеміз наурыз мейрамының қарсаңына орай Ақтөбе қаласы "Қабақ баба" мешіті мектеп оқушыларын қуантты.

Атап айтқанда Ақтөбе қаласы жалпы білім беретін №61 орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен ұлттық спорт сайыстарында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ақшалай сый-сияпат тарту етті. Жасөспірімдер асық ату, қол күрес, күрес, тоғызқұмалақ бойынша өз күштерін ортаға салып, ептіліктерін көрсетті.

Сондай-ақ, мешіттің бас имамы оқушыларға ұлттық құндылықтардың, елге шынайы жан ашып,қызмет ету туралы түсіндіре өтіп, ұйымдастырылған іс-шара үшін мектеп ұжымына ыстық лебізін білдірді. Мектеп басшысы Майра Мұхидоллақызы аталған игі бастамаға демеушілік танытқан “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлына рахметін айтты.