Темірде ауыл имамдарына «Уағыз айтудың әдебі” атты семинар өтті
Темір ауданына қарасты ауылдық мешіт имамдарына “Уағыз айтудың әдебі” тақырыбында семинар өтті.
Семинарда ауданның бас имамы Ералин Зарлық “Дін қызметкерлеріне берілген ең үлкен артықшылық асыл дініміз Исламды насихаттау, халыққа жеткізу. Осы міндетімізді дұрыс орындау үшін имамның сөзі жүйелі, көңілге қонымды болуы керек. Халықтың жүрегіне жол табу үшін сөзіміз бен ісіміз бір жерден шыққаны абзал. Осы мақсатта уағыз айтудың әдебі мен мәдениетін терең меңгеруіміз қажет” деп семинардың маңыздылығын айтты.
Аталған семинарға ауыл имамдары мен молдалар қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі