Зияткерлік бәйгеде шәкірттер топ жарды 6799

Зияткерлік бәйгеде шәкірттер топ жарды

13 қараша 2026 24 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен шәкірттері арасында білім сайысы өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — жамағатты діни сауат ашуға ынталандыру, шариғи білімдерін шыңдау және парасатты діндар азамат мәдениетін қалыптастыру.

Сайыс заманауи Kahoot интерактивті платформасы арқылы топтық форматта ұйымдастырылды. Зияткерлік бәсекеге күндізгі сауат ашу курсының 16 шәкірті қатысып, 4 адамнан құралған 4 топ өзара бақ сынасты.

Қатысушыларға жыл бойы сауат ашу курсында өтілген фиқһ, ақида, сира және Ислам әдебі пәндері бойынша сұрақтар қойылды. Шәкірттер өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, жоғары белсенділік танытты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рухани-танымдық кітаптар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі