Шәкірттер «Фиқһ» пәнінен емтихан тапсырды
Ақтөбе қаласы «Әл-Ләтиф» мешітінің Бас имамы Рүстембек Аманғосовтың бастамасымен мешітте тұрақты түрде дәріс алып жүрген шәкірттер фиқһ пәнінен емтихан тапсырды.
Аталған емтиханды мешіт ұстазы Күлетен Нұржан қабылдап, шәкірттердің алған білімдерін тексерді.
Емтихан нәтижесінде барлық шәкірттерге сертификаттар және кітаптар табысталды.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с )айтқандай: «Кім де кім білім үйрену жолына түссе, Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді» (Мүслім риуаят еткен). Бұл — білім алушыларды ынталандыру және діни сауаттылықты арттыруға арналған маңызды қадам» деді мешіттің бас имамы.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































