«Елін сүйген жастар» атты футболдан жарыс өтті 6383

«Елін сүйген жастар» атты футболдан жарыс өтті

26 мамыр 2026 46 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты жастары арасында «Елін сүйген жастар» атты футболдан жарыс өтті.

«Аталған шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, достық пен ауызбіршілікті нығайту және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу» деді мешіттің бас имамы Еламан Кәрім.

Футбол сайысына жамағат арасынан бірнеше команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар өзара ұйымшылдық пен белсенділік танытып, ойын барысында әділ бәсеке мен достық қарым-қатынас қалыптасты.

Шара барысында имам жастарға елге қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілік жайында тағылымды ойлар айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі