Ақтөбе облысы өкілдігі Құрбан айтқаа сақадай сай (ФОТО) 6384

Ақтөбе облысы өкілдігі Құрбан айтқаа сақадай сай (ФОТО)

26 мамыр 2026 47 Оқу 1 минут

Күллі мұсылманның асыға күтетін Құрбан айт мерекесіне ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс. қала, аудан, ауыл мешіттері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жоспарына сай сақадай сай.

Әр мешіттің алдында Құрбан айтпен құттықтау мақсатында тұрғындар мен жаматқа арналған құттықтау банерлері ілінді. Зиялы қауым өкілдері мен ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері т.б Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыстың Бас имамы Амантай Садиев атынан құттықтау хаттар табысталды.

Облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен «Qurban 2025» дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан және қала имамдарына арналған алқалы жиын өтіп, штаб құрылды.

Сонымен қатар қала, аудан молдаларына құрбан шалынатын орындардағы мал сою тәртібі түсіндірілді. Қалың бұқараға айт туралы уағыз-насихатты көркем жеткізу тәсілдеріне басымдық беру мәселесі де қаралды. Мереке қарсаңында молдалардың киім кию әдеміне де тоқталды. Молдаларға құрбан шалу барысында оқылатын дұға, құрбан шалу жадынамасы үлестірілді.

Одан өзге жамағатқа құрбандық пәтуалары түсіндірілді. Қасапшыларға арнайы семинарлар өтті. Қайырымдылық шаралары мен рухани іс-шаралар жоспарланды.

Діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу рәсімдерінің онлайн және офлайн өткізілуіне байланысты жергілікті қасапханалар және мал соятын орындармен келіссөздер жүргізіліп, орындар бекітілді. Осы орында қызмет жасайтын қасапшылардың басын қосып, оларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар барысында малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық талаптарды сақтау және т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолдарына рұқсат қағаз берілді.

Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығы жіті тексеріліп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағаланды.

Балаларға Құрбан айтты ұлықтау мақсатында «Айттағы қуаныш» атты облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның төл теларнасы республикалық «Мұнара» арнасының өңірдегі айтқа дайындық ретінде ақпараттық насихат ретінде құттықтау, сұхбаттар түсірілді. Өкілдіктің ресми әлеуметтік парақшаларында күнделікті құрбан айтқа дайындық ретінде үздіксіз фото, видеолар жарияланып келеді. Имамдар мен ұстаздар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Баспасөз мәслихаты өтті.

Еске сала кетейік, ҚМДБ биыл да ел мұсылмандарының жеңілдігі үшін онлайн форматта ет тапсырыс беріп, етке өтініш білдіру үшін арнайы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосқан болатын. Бұл сайт арқылы шамасы келген азаматтар құрбандық шалу өкілдігін мешіттегі дін қызметкерлеріне табыстап қой және ірі қара секілді малдарға тапсырыс бере алады. Аталған сайт арқылы мұқтаж жандар ет алуға өтініштерін қалдыра алады.

Ақтөбе қаласы бойынша 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» СТК (41 разъезд 06), «Дала ел» ЖШС мал базары (четный квартал 178, участок 14) және ЖШС «Кайрат 2024» (Жанақоныс 640) құрбандық малын сою орны болып бекітілді. 

Айта кетсек, Құрбан айт 27 мамыр күні басталады. Ал айт намазы 27 мамыр күні Ақтөбе облысы бойынша сағат 06.30-да. Ескеру керек, Құрбан шалу тек Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін ғана шалынады.

Мешіт ауласында қазақы үйлер тігіліп, ұлттық дәмдер ұсынылады. Сағат 07.00-де спорттық шаралар басталады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі