Әйтекеби: Ауылдық мешітке жаңа кілем тарту етілді 592

Әйтекеби: Ауылдық мешітке жаңа кілем тарту етілді

01 сәуір 2021 154 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық мешітінің өңі кіріп, жаңа қырынан әсем күйде жарқырап шыға келді. Себебі ауылдан шыққан жергілікті жердің тумасы Абрахманов Серік Қуанышұлы есімді азамат Алла үйі алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айында жамағатқа жайлы болу мақсатында мешіттің барлық есіктерін жаңасына ауыстырып, жамағаттың маңдайы жұмсақ жерге тисін деген ниетте көрікті қып-қызыл жайнамаз төсеп берді. Аталмыш төселген кілемдер мен есіктерге 1 500 000 теңге көлеміндегі қаржы жұмсалған.

Ауданның Бас имамы Ғабидоллла Тілес қолы ашық, жүрегі жұмсақ, жомарт ағамыздың иығына шапан жауып, қасиетті Құран кітабын сыйлады. Шынайы алғысын білдіріп, отбасы мен кәсібіне береке тіледі.

Барша жамағаттың атынан ағамызға Алла тағала жәннаттан үй тұрғызсын деп тілейміз.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі