Еліміздегі ең биік мешіт қай жерде? 541

Еліміздегі ең биік мешіт қай жерде?

18 ақпан 2021 290 Оқу 1 минут

Еліміздегі ең биік мешіт қай жерде екенін білесіз бе? Биік дегенде біз мешіт ғимаратының өлшемін емес, тұрған жерінің биіктігін меңзедік.

 Теңіз деңгейінен 1760 метр биікте, Алтай тауының ең биік шыңы – Мұзтаудын етегіндегі мәңгі жасыл орманның қойнауында алтын күмбезі күнге шағылған «Әл-Құддұс» мешіті тұр. 

 – «Әл-Құддұс» – Алланың көркем есімдерінің бірі. Қазақшаға аударғанда пәк, өте таза деген мағына береді, – деп түсіндірді мешіт имамы Мәулетқан Қалиасқаров. 

Иә, еліміздегі ең биікті нүктеде орналасқан мешіт Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнары шипажайында 2013 жылдың 11 желтоқсанында ашылған.

Тілеубек Шаяхмет