РАНТ мүшесі - Ұлытау облысында 5461

РАНТ мүшесі - Ұлытау облысында

12 мамыр 2025 3 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев ұстаз Ұлытау өңіріне іссапармен барды.

Сапар аясында облыс имамдарының білімін жетілдіруге арналған семинар өтіп, Арман ұстаз «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында дәріс оқыды. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті мен Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жамағатпен кездесулер өтті. Әйел жамағатына отбасы, бала тәрбиесі және ризық тақырыптарында насихат айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Ер жамағатымен өткен кездесу «Мешіт – рухани мектеп», «Ішкі жан-дүние тәрбиесі» тақырыптарын қамтыды.

Сапар барысында «Сенім мен сананың сұхбаты» атты подкаст жазылып, дін мен дәстүр төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ұстаз Қарсақбай кентіндегі мыс қорыту зауытында және Жезді кентінде болып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Колледж студенттерімен өткен кездесуде жастарға рухани-имани тәрбие жөнінде насихат айтты.