РАНТ мүшесі Маңғыстау облысына іс-сапармен барды 2257

РАНТ мүшесі Маңғыстау облысына іс-сапармен барды

09 қараша 2022 164 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы Маңғыстау облысына іс-сапармен барды. 

Аталған іс-сапар барысында бірнеше мекемелерде түрлі тақырып аясында кездесулер өткізді. Атап айтқанда, қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Бауырмалдық — басты байлық» турасында насихат айтып, Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында жұма уағызын өткізді. Сондай-ақ С.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инновациялық университетінің білім алушыларымен сұхбаттасып, «Рухани құндылықтар» төңірегінде ой өрбітті. Ал Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен өткен кездесу барысында «Жан мен тән» тақырыбында адам мен жануардың айырмашылықтарын мысал ретінде келтіріп, адам баласының жаратылуының негізгі мақсатын түсіндірді.

Одан өзге РАНТ мүшесі Жаңаөзендегі «Шаңырақ» қалалық мешітінде болып, ақшам мен құптан намаздарының арасында «Алла разылығы үшін бауырыңды жақсы көру» және Мұнайлы ауданы, Баянды ауылдық мешітінде «Ел бірлігінің маңыздылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Іс-сапарда РАНТ мүшесі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасын насихаттау мақсатында өңірлік имамдардың таныстыруымен Қараман ата қорымында орналасқан жер асты мешіт-медреселерде зиярат жасалып, бабалар рухына құран оқып, бағышталды.

Сапар қортындысында Нұрлыбек Күзенбаев Ақтау қаласында жаңадан бой көтерген «Ержан хазірет» мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Иман мен амалдың арақатынасы және маңыздылығы» туралы айтып өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі