Аудан имамы жастармен кездесті 542

Аудан имамы жастармен кездесті

19 ақпан 2021 167 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы аудандық спорт кешенінде жастармен кездесті. Барлық санитарлық талаптар сақталған жүздесуде «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы тарапынан дайындалған «Ислам дініндегі дәстүрлі бағыт пен деструктивті ағымдар арасындағы «Иманға (Сенімге)» қатысты айырмашылықтар» атты брошюралар таратылып, Ардақ Жұмабекұлы Исламдағы сенім негіздері туралы түсіндіріп өтті.

Жастарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір үйдің баласындай береке-бірлікте болуға шақырды.

Әсіресе, адамның ең басты құндылығы болған – Иман-сенім мәселесінде кереғар көзқарастарға түспей, ата-баба жолынан мықтап ұстанудың маңыздылығын сөз етті.

Өз кезегінде денелерін шынықтырған жігіттер, рухтарын сергіткен мешіт имамдарына жанашырлықпен айтқан насихаттары үшін алғыстарын білдірді.


Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі