Шалқар: Әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті 2241

Шалқар: Әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

01 қараша 2022 194 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында әйел жамағатына арналған «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтті.

Аталған рухани кеш «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Нұрсұлтан Жүнісәлінің Құран оқуымен басталып, Мәуліт айы туралы насихат айтумен жалғасын тапты.

Шара барысында Шалқар ауданының Әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен көркем мінезін таныстырса, ал «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағанбетова салауаттың артықшылығы туралы айтты.

Сонымен қатар іс-шарада сауат ашу курсының шәкірттері Құран, өзге шәкірттер руханият тақырыбында өлеңдер оқыса, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы ойындар ойнатылып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі