«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мәртөк ауданына барды 3499

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мәртөк ауданына барды

29 тамыз 2024 417 Оқу 1 минут

ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Ақтөбе облысына келген іс сапары барысында Мәртөк ауданына барды. 

Аудандық мешітте өткен кездесуге Мәртөк ауылдық округінің әкімі

Қонысбаев Орынғали, ауыл ақсақалдары мен дін қызметкерлері және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев қатысты.

Кездесу барысында Мейрамбек Қабылбекұлы орталық жұмысын толық таныстырды. Ал Мәртөк ауылдық округінің әкімі «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жұмыстарын атқаруда ауданда қолдау білдіретіндігін айтты.

Шара соңында жаңадан ашылған зират басына зиярат жасалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі