Дін жанашырына Умраға жолдама табысталды 6270

Дін жанашырына Умраға жолдама табысталды

10 сәуір 2026 74 Оқу 0 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде 5 жылдан бері шаруашылық қызметін атқарып келе жатқан Бектеміс Нұғманұлына кіші қажылық жолдамасы берілді.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен арнайы Шалқар ауданына атбасын бұрған Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы мешіттің шаруашылық қызметкерін қуанышымен құттықтап, ұмра сертификатын арнайы табыстады.

Сауабы мол игі іске кәсіпкер, мешіт жанашыры Еламан Нұрболұлы демеуші болды.