Шалқар ауданында мешіт жамағаты арасында білім сайысы өтті. 3442

Шалқар ауданында мешіт жамағаты арасында білім сайысы өтті.

01 шілде 2024 1160 Оқу 1 минут

«Діни оқу – ағарту» бағыты аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен интеллектуалды білім сайысы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың тарихи, діни білімдерін жетілдіру, бірлікті насихаттау. Асыл дініміздің өркендету, рухани ағартушылық жұмыстары арқылы – қоғамда саналы тұлға қалыптастыруға үндеу.

Мешіт жамағаты арасында өткен жарысқа 5 команда қатысты. Сайыс 6 – кезеңнен құралды. Атап айтсақ, әр топ таныстыру, діни сұрақтар, салт – дәстүр, сахабаларды тап, өлкені табу, сөз тіркестері кезеңдері бойынша білімдерін сынады.

Тартысты додада Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Наурызбаев, қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің  наиб имамы Жамбыл Тлеубай және аудандық мешіттің азаншысы Қайрат Қаймолдин төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1- орынды «Медресе» тобы жеңіп алды. Ал, 2-орынды «Жәннат» тобы , 3 – орынды «Маруа» тобы иеленді. «Жастар» және «Төре» командалары алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.