Темір: Ауданның Бас имамы Құмқұдық пен Алтықарасуға барды
Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин Құмқұдық және Алтықарасу ауылдық мешіттеріне арнайы іс-сапармен барды.
Сапар барысында Құмқұдық мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатпен жүздесті.
Сонымен қатар Алтықарасу ауылдық Нұрлепес ата мешітінде ауыл молдасымен кездесті. Одан өзге мешіттердің хәл-ахуалы, атқарылған жұмыстар, жамағаттың ауызбіршілігі турасында жасалған жұмыстар баяндалды.
Сапар қорытындысында ауданның бас имамы мешіттердің қысқа дайындығы, тазалығы жайында нақты тапсырмалар берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































