Хромтау ауданының Бас имамы мерейтойлық төсбелгімен марапатталды
Хромтау ауданының 90 жылдығына орай Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.
Мерекелік төсбелгіні Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов арнайы салтанатты жиында аудан Бас имамына діни-ағартушылық бағыттағы қызметі, имандылықты насихаттауы, жастар тәрбиесіне қосқан үлесі, сондай-ақ қайырымдылық пен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға сіңірген еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, өңірдің рухани дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғысын айтып, төсбелгіні табыстады.
Марал Иманғали өз кезегінде бұл марапатты жеке еңбегіне емес, мешіт ұжымының және аудан жамағатының ортақ жетістігі деп бағалап, елдің бірлігі мен рухани тыныштығы жолында қызмет ете беретіндігін айтты.
Марапаттау рәсіміна аудан халқы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































