Депутат пен облыстың Бас имамы «Мұнара» телеарнасында қонақ болды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Мұнара» арнасының Рамазан айына арналған кезекті бағдарламасы түсіріліп, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетай мен Ақтөбе облының Бас имамы Амантай Садиев қонақ болды.
«Рамазан – ізгілік айы» бағдарламасының «Шәууал айының оразасы» атты шығарылымында облыстың Бас имамы шариғи толық жіті түсіндірсе, депутат дәстүр сабақтастығы туралы баяндады.
Айта кетсек, аталған бағдарламаны жүргізген РАТТ мүшесі, журналист, дін ұстазы Ақтолқын Тажикова. «Мұнара» телеарнасының Ақтөбе өкілдігіндегі студиясының ашылғанына биыл үшінші жыл. Сұхбатты осы апта «Мұнара» арнасынан көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі