2 Зул-Қағда
«Нұр Ғасыр»: Облыстық мешітте 500 адам 3 түрлі наурыз көжеден дәм татты 4390

«Нұр Ғасыр»: Облыстық мешітте 500 адам 3 түрлі наурыз көжеден дәм татты

26 наурыз 2025 626 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында ауызашар кезінде мешіт асханасында 500 адамға наурыз көже таратылды.

Жыл басы күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы әз Наурыз мерекесіне орай
жеті дәмнен «Наурыз көже» арнайы әзірленіп, аспазшылар мен «Әжелер мектебінің» ақ жаулықты аналары жамағатқа жарыса дәм татқызды.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен үндес тапқан қазақ халқының бойындағы қонақжайлық қасиетті паш етіп, бірі сүр ет пен қазы қосқан көже, бірі жаңа бұзаулаған сиырдың тары қосқан уыз көжесін, тағы бірі мейіз қосқан тәтті көже ұсынған әжелеріміз, асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын көрсетті.

Сонымен қатар имамдар мен ұсаздар жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтап, дін мен дәстүр аясында насихат айтты.

Дәстүр сабақтасқан сауабы мол шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі