Хромтау: Мәуліт кеші өтті 2181

Хромтау: Мәуліт кеші өтті

17 қазан 2022 142 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде Мәуліт кеші өтті. 

Жамағатқа арналған іс-шарада Ақтөбе қаласындағы «Досжан Хазрет» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Нағымұлы мен Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Қонақбайұлы ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан сыр шертіп, терең тарихынан сөз қозғады.

Ақшам намазынан соң басталған уағыз-насихат құптан намазынан соң мешіт асханасында Мәуліт кеші ретінде жалғасын тапты.

Әлемдердің Раббысы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сипаты туралы: «Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік», — дейді.

Аталған мәуліт кеші Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауатпен басталды. Сонымен қатар жамағат арасында сұрақ-жауап айдары өткізіліп, белсенді дұрыс жауап берген кісілерге әртүрлі сыйлықтар үлестірілді.

Одан өзге жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі