Ойыл бас имамы мемлекеттік қызметкерлермен кездесті
Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Қызырұлы Бақжарық мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесу барысында жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны, тыйым салынған уағызшылардан сақтану, сондай-ақ адалдық ұстанымдарының маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
бас имам рухани және адамгершілік құндылықтардың негізі – бірлік, сабыр, бейбітшілік пен адал еңбек екенін атап өтіп, ақпаратты тек сенімді, ресми дереккөздерден алуға шақырды. Мұндай кездесулер қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, жастарды теріс ықпалдардан қорғауға бағытталған.
Кездесу ашық форматта өтіп, тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестерін ұсынды.








































