РАНТ мүшесі семинар өткізді 1072

РАНТ мүшесі семинар өткізді

08 қараша 2021 109 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Алға ауданында іс-сапарда болып, «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» тақырыбында мұғалімдерге арналған 2 күндік семинар өтті.

Аталған шара Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №4 Алға орта мектебінде РАНТ мүшесінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған оқыту семинары В.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде жалғасын тапты.

Семинар барысында «Тарих», «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен психологтарға Әбдімүтәлі Дәуренбеков тақырып аясында теориялық тұрғыда көптеген деректер мен дәлелдер келтіріп, қатысушылардың сұрақтарына жүйелі түрде тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі