Діни сауат ашу және қарилар даярлау орталығы І тоқсанды қортындылады 1045

Діни сауат ашу және қарилар даярлау орталығы І тоқсанды қортындылады

01 қараша 2021 146 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» Діни сауат ашу және қарилар даярлау орталығындағы шәкірттер І тоқсан оқуларын қортындылады.

Шәкірттер ата-аналар мен ұстаздарына арнап екі бөлімнен тұратын бағдарламадан іс-шара тарту етті. Аталған бағдарлама Алланың кәләмі Құран оқумен бастау алды. Сонымен қатар қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, бүгінгі күнге дейін алған дәрістерінен қортынды есебін ұсынды.

Игі шараға орталық ұстаздары мен 70 мектептің ұстаздары қатысып, Діни сауат ашу және қарилар даярлау орталығының директоры Нұрлыбек Такеев «Ұрпаққа тәлім» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Іс-шара қортындысында ата-аналар жиналысы өтіп, орталықтағы тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрмұхаммед Разақов шәкірттердің тәрбиесін талкылап, орталықтағы білім жүйесімен таныстырды. Жиналыстың соңы ата-аналарға психологиялық тренингпен жалғасын тапты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі