Қобдада «Отбасы құндылығы» атты семинар ұйымдастырылды 4995

Қобдада «Отбасы құндылығы» атты семинар ұйымдастырылды

17 қараша 2025 83 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Отбасы құндылығы» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ-ның Түркістан облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Еңлік Әбиева және Қобда ауданының ұстазы Баян Мергенғалиқызы қатысып, жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Кездесуде ер мен әйелдің өзара сыйластығы мен жауапкершілігі, ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны, сондай-ақ рухани үйлесім мен отбасы берекесі жайында ойлар қозғалды.

Шара соңында дастархан жайылып, сұрақтарын қойып, ұстаздарға алғыстарын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі