«Неке және отбасы» тақырыбы аясында семинар өтті
“Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде әйелдерге арналған "Неке және отбасы" тақырыбы аясында семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының әйел-қыздар секторының жетекшісі, Алматы орталық мешітінің ұстазы Гүлмира Ілесбай қатысты. Іс-шара барысында қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі-отбасыдағы ер мен әйел қарым-қатынасы, жанұя жылулығын сақтап қалу, ерлі-зайыптылардың негізгі хақылары секілді тақырыптар сөз болып, ой қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан тақырып аясында сауаллар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Айта кетейік, семинарға 50-ден аса қыз-келіншектер қатысты.