«Бірлігі жарасқан жамағат» атты  бас қосу өтті 4888

«Бірлігі жарасқан жамағат» атты бас қосу өтті

29 қыркүйек 2025 86 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінде жамағаттың ынтымағын арттыруға  арналған «Бірлігі жарасқан жамағат» атты бас қосу өтті.

Бұл игі шараның басты мақсаты — жамағат арасында таныстық пен бауырмалдықты нығайтып, бірлікті бекемдеу және мешіт өміріне белсенді атсалысуға үндеу болды.

Мешіттің жаңадан тағайындалған имамы Рүстембек Аманғосов жамағатпен жақын танысып, әрдайым бірлесе отырып, мешітке қызмет етудің маңызын түсіндірді. Сондай-ақ Исламдағы жамағаттың орны мен бірліктің қадір-қасиеті жайында уағыз айтты.

Ал мешіттің бұрынғы имамы Қанат Қасымовқа жамағат алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті.

Одан өзге аталған мешіттің ұстаздары Оразбаев Әділбек пен Күлетен Нұржан ілім алудың артықшылығы мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірінен өнегелі деректеріне тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі