Хромтау: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлының мұрындық болуымен, «Али Жас и К және «МЖК Строй сервис» мекемелерінің демеушілігімен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 100 отбасыға 700 000 теңге қаржыны құрайтын 1200 кг азық-түлектен тұратын «Рамазан қоржыны» табысталды.
Ұйымдастырушылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған игі шарада мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және жалғысбасты отбасыларға азық-түлік себетін үлестіріп, ұлық айда мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шара қортындысында ұйымдасушылар мен демеушілерге отбасы мүшелері атынан алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі