Түрік ақыны Фатиһ Сұлтан «Мұнара» телеарнасында қонақ болды
Түрік ақыны, аудармашы Фатиһ Сұлтан Йылмаз «Мұнара» тееларнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды.
«Қараңғылықты көміп тастағандардың әні», «Үміт жасау шеберханасы», «Абайдың өліммен сынағы», «Өзіне жүрген адам» еңбектерінің авторы «Өзін іздеген адам» тақырыбында сұхбат берді.
11 номинация 140 автор қатысқан «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық қаламгерлер байқауында Қуандық Шаңғытбаев атындағы номнация иегері атанған Фатиһ Сұлтан аталған доданың өз өміріндегі маңыздылығын баяндады.
Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі журналист Ақтолқын Тажикованың сұрақтарына жауап беріп, хәкім Абайды тану арқылы қазақ халқын, ақын Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдерін оқу арқылы қазақ поэзиясын танығанын айтты.
Сұхбатты түрік тілінен аударған Мұғалжар ауданының имамы Мұхаммедисмаил Шадман. Жуырда «Мұнара» телеарнасынан көре аласыздар.
Әр шаңырақтта руханияттың мұнарасы қосулы болғай!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































