Бегімбетте Мәулітке орай шара ұйымдастырылды 4831

Бегімбетте Мәулітке орай шара ұйымдастырылды

14 қыркүйек 2025 94 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылдық «Бегімбет» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне шара өтті.

Ғибратты басқосуға мешіт жамағат қатысты. Имам Нұрдәулет Әуезов мәуліт мерекесі туралы уағыз-насихат айтып, ардақты Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолына тоқталды.

Шара қортындысында жамағатқа сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген қатысушыға сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі