Сауат ашу курсының шәкірттері марапатталды 913

Сауат ашу курсының шәкірттері марапатталды

04 қазан 2021 100 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы "Әс-Сәлам" мешітінің күндізгі сауат ашу курсының шәкірттері марапатталды. 

Биылғы жылы мешіттегі сауат ашу курсынан 27 шәкірті Құранды тәжуид қағидаларына сай оқуды үйреніп, 17 шәкірт Құран әліппесін оқуды меңгеріп шықты.

Аталған курсқа қатысқан барлық шәкіртке Құран Кәрім және қызығушылығын қарай діни әдебиеттер табысталды..

Одан өзге іс-шара барысында білім алудың пайдасы туралы наиб имам Шыңғыс Кұлшаров уағыз-насихат айтты.

Ал Бас имам Нұрлыбек Такеев мақтау қағаздар мен сыйлықтар табыстады

Шараның соңында жаңа сабақ кестесі жарияланғандығы мәлімделді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі