Темір ауданы: Ауданның Бас имамы Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылына барды 4830

Темір ауданы: Ауданның Бас имамы Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылына барды

14 қыркүйек 2025 117 Оқу 1 минут

Темір ауданы Бас имамы Зарлық Ералин Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылына арнайы іс сапармен барды. 

Сапар барысында ауылдық мешіт жамағатына жұма намазын өткізді. Сонымен қатар мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын және қысқа дайындығын тексерді.

Сонымен қатар Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылдық мешітінің имамы Бөлеков Дәуренбек мешіт жанында басталған дәретхана құрылысымен таныстырды.

Ауданның Бас имамы ауылдық округ әкімі Төлеуов Саматпен кездесіп, алдағы жұмыстар туралы сөйлесіп, ортақ шешімге келді.

Сапар қорытындысында мешіт жамағаты арасында дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында садақ атудан жарыс өтіп, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі