Бегімбет: «Салауат сырлары» атты марафон қортындыланды 2921

Бегімбет: «Салауат сырлары» атты марафон қортындыланды

13 қыркүйек 2023 132 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылының имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ер және әйелдер жамағаты арасында бір айлық «Салауат сырлары» атты салауат айтудан онлайн марафон өтіп, онлайн сайысқа Астана, Алматы, Орал қалаларынан және Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарына қарасты аудан, ауылдардан ер-әйел жамағаттары қатысты. 

Ғибратқа жол бастар «Салауат сырлары» марафоны 1 айға жалғасын тауып, қатысуға өтінімдер Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарынан келіп түсті. Онлайн форматта лайықты 10 үміткер іріктеп алынды.

Рухани кештің қорытындысы мен марапаты офлайн форматта ауылдық «Бегімбет» мешітінде өтті. Шара барысында ауыл имамы Нұрдәулет Әуезов салауат айтудың артықшылығын баяндап, насихат айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша Жұбанышбаева Дана Қайратқызы І орын (40 000 мың теңгелік сертификат), Журманова Ақтоты Өтегенқызы ІІ орын (20 000 мың теңгелік сертификат) және Алиев Батырбек ІІІ орынды (10 000 теңгелік сертификат) иеленді. Жүлдегерлер арнайы алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Марафонға қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта игі бастама жалғасын тапса деген тілегінде айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі