Шалқар: «Садақ ату» спорттық ойынынан эстафеталық сайыс ұйымдастырылды 2922

Шалқар: «Садақ ату» спорттық ойынынан эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

13 қыркүйек 2023 154 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында пайғамбар сүннетінде келген «Садақ ату» спорттық ойынынан эстафеталық сайыс өтті. 

Жарыстың мақсаты: Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне насихаттаған спорт түрлерін насихаттау. Сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен татулықты насихаттап, салауатты өмір сүру салтын дәріптеу.

Шалқар аудандық орталық стадионында өткізілген садақ ату сайысы 4 кезеңді қамтыды.

І кезең: Іректеу кезеңі;

ІІ кезең: 1/8 тұрып атудан олимпиадалық нысана;

ІІІ кезең: 1/4 отырып ату олимпиадалық нысана;

ІV кезең: жамбы ату олимпиадалық нысана;

Сайысқа 32 адам қатысып, қортынды нәтижесінде І орынды Бекетов Жансерік, ІІ орынды Қожахметов Олжас, ІІІ орынды Тахаев Сәкен иеленді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі