Викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде шәкірттердің рухани әрі діни білімін шыңдау мақсатында арнайы викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Құран, Ислам әдебі және дінге қатысты тағылымды сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін ортаға салды. Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап берген шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл игі басқосу шәкірттердің білімге деген ынтасын арттырып, мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, білім мен тәрбие ордасы екенін тағы бір мәрте көрсетті деді ұстаздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

















































