Ақтөбе облысының имамдары мерекелік медальмен марапатталды 5042

Ақтөбе облысының имамдары мерекелік медальмен марапатталды

25 қараша 2025 191 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстың орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өңірдің рухани өміріне елеулі үлес қосып жүрген 14 дін қызметкерін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Аталған марапат ҚМДБ-ның негізі қаланғанына 35 жыл толуына орай ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, халыққа діни-ағарту бағытында аянбай қызмет етіп жүрген имам-молдаларға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде табысталды.

Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти марапат иелерін құттықтап, олардың өңірдегі рухани тұрақтылықты сақтаудағы, жастарды имандылыққа тәрбиелеудегі, жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізудегі еңбегін жоғары бағалады.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл ҚМДБ құрылғанына 35 жыл толды. Ширек ғасырдан астам уақытта қаншама шаруалар атқарылды. Әлі де атқарыла береді. Құранның «Мұхаммед» сүресінің 7-аятында: «Уа, иман еткендер! Егер Алланың дініне қолдау көрсетсеңдер, Алла Тағала да сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай хақ жолда нық басқызады» дейді. Біздің әрбір жұмысымыз Алланың дінін дәріптеуге бағытталған. Сондықтан біз бұл саланы өз жүрек қалауымызбен таңдағандықтан әрбір ісімізде ыждағаттылық пен ерекше ықылас танытуымыз тиіс.

Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді» деп Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, елдің бірлігі мен берекесін арттыру жолындағы игі істеріне табыс тіледі.

Шара имамдар мен ұстаздар, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Әжелер» мектебі, БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, марапатталған қызметкерлердің еңбек өтілі 20-30 жыл аралығында.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

МАРАПАТ ИЕЛЕРІ

Аты-жөні

Лауазымы

Еңбек өтілі 

Қуандық

Қабден

ҚМДБ «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі

13 жыл

Абдисаламов Жайылхан

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің молдасы

10 жыл

Оразымбетов Ықылас Асанұлы

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің молдасы

11 жыл

Балкенов Бақыткерей Таужанұлы

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің молдасы

13 жыл

Құрманалин Мейрамбек Жұбатқанұлы

Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылдық мешітінің молдасы

17 жыл

Қаныбек

Кеулімжаев

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» іс басқарушысы

8 жыл

Бертлеуов Асылбек Аманғосұлы

Қарғалы ауданы, Қосестек ауылының имамы

25 жыл

Орынбай Мәди Орынбайұлы

Ақтөбе қаласы, «Анашым» мешітінің имамы

18 жыл

Әбішев Мәжит Жайлаубайұлы

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы

30 жыл

Балашов Ербол Еркашұлы

Темір қалалық мешітінің бас имамы

20 жыл

Тлеубай Жамбыл Әлмұхаммедұлы

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы

28 жыл

Әкім Таңжарбай Сұлтанұлы

Байғанин ауданы, Жарлы ауылдық мешітінің молдасы

22 жыл

Елемесов Руслан Сатемірұлы

Ақтөбе қаласы, «Қурайлы» мешітінің имамы

25 жыл

Әли Алмат Амангелдіұлы

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы

23 жыл