Тәуелсіздік жолында шейіт болған бабаларға Құран хатым бағышталды.
“Бақытжан” мешітінде Тәуелсіздік жолында шейіт болған, ерен еңбек етіп, жанын сарп еткен, ағарткшвлықпен айналысып, қасық қаны қалғанша күрескен, “қазақ” деп жүрегі соққан барша ата-бабалардың рухына Құран оқылым, хатым дұғасы жасалды.
Сондай-ақ мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Тәунлсіздіктің қадірін елжанды ғана біледі” деген тақырыпта насихат айтып, тәуелсіздіктің қадірін білуге шақырды. Тәуелсіздік пен елдікті сақтау үшін үнемі ел үшін дұғала болу, ел ертеңі - ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне мұқият болу және де Отанға адал қызмет ету керектігін атап өтті.