Батыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасы: «Жат ағымның алдын алу» атты кездесу өтті
Батыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасының ұйымдастыруымен жеке құрамға діни жат ағымның алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге діни бірлестік өкілдері, басқарманың Ақтөбе бөлімінің тергеушісі, әділет капитаны Айдос Хайрбайов қатысты.
Жиында діни жат ағымдардың (деструктивті діни ұйымдардың) қоғамның әрбір буынына тигізетін зардаптары өте тереңінен талданды.
Спикер ретінде арнайы қонақтар қатарында РАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев болды.
РАНТ мүшесі ҚМДБ бекіткен 2026 жылдың негізгі 4 бағытының бірі — «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты туралы айтып, діни жат ағымның жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы айтты.
Наиб имам жат ағымдардың ең бірінші соққысы — адамның санасы мен еркіндігіне бағытталатындығын талдап берді. Сонымен қатар психологиялық деформацияға ұшырайтынын баяндады. Ең жоғарғы деңгейдің бірі —тұлғалық дамудың тоқтауы екенін мәлімдеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































