Имамдарға ислам тарихы және фиқһ усулінен семинар өткізілді 3910

Имамдарға ислам тарихы және фиқһ усулінен семинар өткізілді

11 қараша 2024 572 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының имам-ұстаздарының білімін жетілдіру мақсатында «Ислам тарихы және фиқһ усулі» тақырыбында семинар өтті. ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес өткен семинарға арнайы келген «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Руслан Абдурахманов ханафи мәзһабының үкім шығарудағы негізгі дәлелдері мен қосымша дәлелдерін егжей-тегжейлі баяндап, имамдарға талас-тартысты мәселелердің мысалын келтірді. Сондай-ақ жамағаттың жат ағымға кетуінің себебі де осы аталған фиқһ усулін білмегендігінен екенін айтып түсіндірді. Кейін «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев имамдарға ислам тарихынан дәріс жүргізді. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шежіресінен бастап, әділетті 4 халифаның кезеңіндегі кейбір тарихи деректерде келетін мәселелерді кеңірек түсіндірді. Төрт сағатты қамтыған семинар өте қызықты һәм тартымды өтіп, қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. Шара қортындысында семинарға қатысушыларға ҚМДБ Ақтөбе облысының Бас имамы атынан сертификат табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі