«Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптардың таныстырылымы өтті
Ақтөбе облысындағы имамдарға «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптардың таныстырылымы өтті.
Қара шаңырақтың баспасынан шыққан кітаптардың әсіресе, сапасы мен мазмұндылығы көңілге ерекше қуаныш сыйлайды.
Солардың бірі «Имам Әбу Ханифаның хадистегі орны» атты туынды дін саласындағы мамандарға аса қажетті еңбек. Осындай құнды еңбектерді оқырманға ұсынып жүрген қаламгерлердің бірі «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Шежімбай Бағлан арнайы шараға автор ретінде құрметті қонақ ретінде қатысты.
Танымдық шарада Алматы қаласындағы «Әл-Азһар» университетінің түлегі, исламтанушы, Алматы облысына қарасты Талғар аудандық «Әбу Бәкір» мешітінің ұстазы Бағлан Шежімбай кітаптың мазмұнына тоқталып, жазылу жолдары туралы баяндады. Шара қортындысында ұйымдастырушы ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































