Бас мүфти Ақтөбе облысындағы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкіліне сертификат табыстады 1449

Бас мүфти Ақтөбе облысындағы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкіліне сертификат табыстады

25 наурыз 2022 123 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» қоры ұйымдастырған «Цифрлы қайырымдылық» тақырыбындағы республикалық оқу-семинары өтіп, ҚМДБ Төрағасы Ақтөбе облысындағы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли бар сертификат табыстады. 

Бас мүфти өкілдіктердің қайырымдылық, зекет және уақып бағытына жауапты мамандарына тиісті нұсқамалар мен кеңестер беріп, насихатын жеткізді.

Айта кетсек, Діни басқарманың «Хәкім Абай» кітапханасында өткен игі шараға өңірлік мешіттерде имамдық қызмет атқаратын зекет және уақып саласына жауапты мамандар бір күндік семинар барысында «Зекет және уақыпты ұйымдастырудың инновациялық және цифрлы тетіктері», «Мемлекеттің әлеуметтік жобалары мен бағдарламалары», «Пайғамбарымыздың ﷺ мұқтаждармен қарым-қатынасы», «Зекет пен уақыптың маңыздылығы», «Уақып мәселелері», сондай-ақ «Ғаламтор және әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдалану» тақырыптарында дәріс тыңдады.

Айтса кетсек, семинарға «Уақып» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, «Бақытжан» мешітінің Бас имамы Ержан Мизамовта қатысып, сертификат иеленді. 


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі