ҚМДБ: БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 500 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ 1448

ҚМДБ: БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 500 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ

25 наурыз 2022 118 Оқу 1 минут

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.

Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілгенін қаперге салды.