Бас мүфти Ақтөбе облысында (Фото) 1435

Бас мүфти Ақтөбе облысында (Фото)

19 наурыз 2022 714 Оқу 1 минут

18-19 күндері ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына іс-сапармен келді.

Алғашқы күннің сапары облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуден басталды. Одан кейін Бас мүфти «Ихсан – рухани тәрбие негізі» және «Толық адам» кітабының танытымына қатысып, өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасты.

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әс-Сәлам» жеке қайырымдылық мекемесінің (медресе) ашылу рәсімінде Діни басқарма бастамасын қолдап, Қайырымдылық мекемесін салуға демеуші болған азаматтарға айрықша алғысын білдірді.

Бесін намазынан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің «КА-168/1 мекемесінде» «Жусан» операциясы арқылы елге оралған және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен жалпы және жеке кездесулер өткізіп, насихат айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бас мүфти жазасын өтеушілермен кездескеннен кейін «Aqtobe» телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында қонақ болды.

Бірінші күннің іс-сапары облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала және аудан имамдарымен кездесіп, дәріс өтумен қортындыланды.

Екінші күні өңірге келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Игі істер» қайырымдылық марафонына қатысып, «Аяла» оңалту орталығындағы балалармен жүздесті. Сондай-ақ «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

ҚМДБ төрағасы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 531, 532-ші Ақтөбе өңірі бойынша 23, 24-ші баспана кілтін көпбалалы, жалғызбасты (4 қыз, 3 ұл, яғни 7 баланың) ана мен мүмкіндігі шектеулі санаттағы ана,
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғындарына табыстады.
Одан кейін
аталған мешітте  жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти Ақтөбе облысына барған сапарында «Ақтөбе» медресе-колледж шәкірттеріне дәріс оқып, қалада салынып жатқан жаңа діни оқу ордасының құрылысымен танысты. Сонымен қатар «Ислам – ынтымақ пен бірлік» жылы аясында өткен облыстық қазақ күресінен ересектер арасында ашық турнирдің жеңімпаздарын марапаттады.

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапары Темір ауданы, Шұбарқұдық кентіндегі Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштаумен қортындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі