Ақтөбе:  4 млнға «Нұр Ғасыр» мешітіне дыбыс күшейткіш жаңартылды 806

Ақтөбе: 4 млнға «Нұр Ғасыр» мешітіне дыбыс күшейткіш жаңартылды

07 қыркүйек 2021 122 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағаттың ұйытқы болуымен, «Қазхром» трансұлттық компаниясы»АҚ (3 млн )мен «Kraft Aziia Oil» ЖШС (1 млн) демеушілігімен 4 млнға дыбыс күшейткіш құралдары жабдықталды.

Еске салсақ, мешіттегі осыған дейінгі дыбыс күшейткіш құралдары 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Осы игі бастамаға атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығымызды білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі