ҚМДБ АҚТӨБЕ ӨКІЛДІГІ ШЕТ ЕЛДЕГІ ШӘКІРТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ 5509

ҚМДБ АҚТӨБЕ ӨКІЛДІГІ ШЕТ ЕЛДЕГІ ШӘКІРТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

24 наурыз 2025 1 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облыстық өкілдігі Түркия мен Мысыр елдерінде оқып жатқан шәкірттерге ауызашар берді.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның Ақтөбе қаласында өткен ауызашар кешінде шет елдерде білім алып жатқан шәкірттерге 1 млн теңге көлемінде ауызашар сертификаты тапсырылған болатын. Аталған қаражатқа Мысырдағы әл-Азһар университеті және басқа да оқу орындарында оқып жатқан 230 шәкіртке, сондай-ақ Түркиядағы оқу ошақтарында білім алып жатқан студенттерге ауызашар дастарқаны жайылды.