БАС МҮФТИ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ 1976

БАС МҮФТИ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

19 тамыз 2022 127 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елорданың бас мешітінде жұма уағызын айтты.

Жамағатқа «Денсаулықтың қадір-қасиеті» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресінің 18-аятында: «Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар», – деген.

Адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі  – денсаулық. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың көпшілігі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген.

Денсаулық – адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса, таба алмай жататын баға жетпес байлық. Халқымыз «Денсаулық – зор байлық» демей ме?! Алланы көп еске алу, денсаулықты күту, пайдалы тағамдар жеу, денені шынықтыру – Құдайдың бізге берген нығметіне шүкір білдірудің белгілері» деді.