Ақтөбелік студенттермен кездесу ұйымдастырылды 1986

Ақтөбелік студенттермен кездесу ұйымдастырылды

18 тамыз 2022 216 Оқу 1 минут

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен еліміздің діни оқу орындарында білім алып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесу өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, Нұр–Мүбарак Египет ислам мәдениеті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттерінің студенттері мен Ақтөбе, Шымкент, Сарыағаш медреселерінің шәкірттері т.б қатысты.

Кездесу еркін форматта өтіп, шара барысында жұмысқа орналастыру және тағалымдамадан өту мәселелері талқыланды. Одан өзге шәкірттер алдағы жоспарлармен бөлісіп, сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптарын алды.

Сонымен қатар кездесу барысында наиб имам Нұрбол Смағұлов діни білімнің қоғамдағы маңызына тоқталды.

Еске салсақ, 2021-2022 оқу жылы ақтөбелік 236 студент қазақстандық теологиялық оқу орындарында білім алуда. Яғни, 87 студент жоғарғы оқу орындарында және 148 студент медреселерде.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі