Бас мүфти қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етті 1152

Бас мүфти қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етті

01 желтоқсан 2021 97 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында халық арасында өзінің діндарлығы, әулиелігімен танылған Қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етіп, тарихи тұлға рухына Құран бағыштады.

Қажы Байрам Уәли (1389-1459) өз заманында ел арасында құрметтілердің бірі атанған. Медреседе ұстаздық қызмет еткен. Шәкірттерінің арасынан Ақшамседдин сынды ғұламалар шыққан. Ол – атақты Стамбұлды жаулап алған қолбасшы Мехмет Сұлтанның ұстазы.

Айта кетсек, Қажы Байрамның діни еңбектері негізінен шәкірттері арқылы тараған.